Түркістанда садақ атудан Қазақстан кубогының кезеңі басталды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркістан қаласында садақ атудан Қазақстан кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр.

Түркістанда садақ атудан Қазақстан кубогының кезеңі басталды
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, жарысқа еліміздің 12 өңірінен 250-ден астам мерген бақ сынауға келген. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының көшбасшылары да бар.

Турнирде жүлделер ересектер арасында, сондай-ақ жасөспірімдер санатында сарапқа салынады.

Айта кетейік, жуырда садақ атудан өткен Азия кубогы кезеңінде ұлттық құрама 4 медаль жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар