Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түркістандағы көне қалашықтың қорғанына реставрация жұмысы жүргізіліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында орналасқан көне қалашықтың қорғанына ғылыми-реставрациялық жұмысты жүргізіп жатыр.

в
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қабырғаны қалпына келтіру туралы шешім мониторинг нәтижесінде қабылданды. Бақылау барысында жыл сайын оның 10-15 сантиметрге ығысатыны анықталған.

Жоспарға сәйкес, шығыс қақпадан бастап 32 метр аумақ қалпына келтіріледі. Ал апатты жағдайда тұрған қабырға бөлігінің жалпы ұзындығы – 40 метр. Қорған қабырғасы 2000 жылдары археологиялық зерттеулерге сәйкес қайта қалпына келтірілген.

е
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, бұл жолғы ғылыми-реставрациялық жұмыс кезінде іргетасы нығайтылып, апатты бөліктен алынған жарамды материалдар сақталып, солардың көмегімен қабырғаның бүлінген бөлігі қайта қаланады.

а
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жүргізіліп жатқан жұмыстар қабырғаның одан әрі бүлінуіне жол бермей, цитадельдің солтүстік-шығыс бөлігінің тарихи келбетін сақтауға мүмкіндік береді. Ғылыми реставрацияны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Жаркент мешітінде тарихи келбетті сақтай отырып реставрация жүргізіліп жатқанын жазған едік.

Петропавлда сәулет ескерткіштері реставрациядан өтеді.