Түрмеден қашпақ болған қылмыскер ұсталды

АСТАНА. Қаңтардың 5-. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Ақтөбе облысының Жем қаласындағы КА-168/5 түзету мекемесінің кезекші наряды мен Ішкі істер министрлігі Ішкі әскері әскери бөлімі қарауылының қырағы әрекетінің арқасында түрмеден қашу оқиғасының алды алынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қарауыл наряды бекетінің күзетшісі мен мекеме бақылаушысы таңғы сағат бестерде кезекті аралап шығу кезінде бақылау-із кесу белдігіне жақын барып қалған адамның сұлбасын байқайды. Әлгі адам «Тоқта, кері қайт» деген бұйрыққа бағынбағаннан кейін күзетшілер ескерту ретінде аспанға оқ атады. Оқиға орнына жеткен қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері ауыр қылмыс жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айрылған 24 жастағы азаматты ұстады. Бұл факті бойынша тексеру жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар