Тұрмыстық үй ғимаратында болған өрт сөндірілді

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Тұрмыстық үй ғимаратында болған өрт сөндірілді.

Тұрмыстық үй  ғимаратында  болған өрт  сөндірілді

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан хабарлады.

«Өрт бірінші қабатта орналасқан тігін шеберханасынан шыққан. Шеберхананың ауданы 350 шаршыметрді құрайды»,- деп хабарлады Тұрмыстық үйдің әкімгері Айбек Кәкімбеков. Оның айтуынша, өрт шамамен сағат 11.30-да шыққан.

Өрт болған ғимараттың бірінші қабатын «Императорский портной», тігін шеберханасы жалдайды. Тұрмыстық үй - «Қараөткел» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қарайды, деді А.Кәкімбеков.

Өрт сөндіруге 6 техника, 2 арнаулы техника, 36 адам жұмылдырылды.