12:21, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Тұрмыстық үй ғимаратындағы өрт сөндірілді, үш адам құтқарылып, 9 адам көшірілді - Астананың Төтенше жағдайлар департаменті
АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Елордалық Тұрмыстық үй ғимаратында болған өрт ошағы сөндірілді, үш адам құтқарылды және тоғыз адам көшірілді.

Бұл туралы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары подполковник Руслан Елшібаев мәлім етті.
Астанадағы Тұрмыстық үй ғимаратында өрт шыққанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өрттің бірінші қабаттан шыққанын анықтады. Руслан Елшібаевтың айтуынша, өрт шыққан жайдың иесі әзірге анықталған жоқ. Жалын тілі 30 шаршы метр аумақты шарпыған.
«Қазіргі таңда өрт сөндіріліп болды», - дейді Р.Елшібаев.