Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуге қатысты заң жобасына Мәжілістің бір топ депутаттары бастамашы болды

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ақпанның 13-і күні Павлодар қаласында өтетін Қоғамдық палатаның көшпелі отырысында талқыға түсетін заң жобаларының ішінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бар.
None
None
Бұл заң жобасына Мәжілістің бір топ депутаттары бастамашы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы заң жобасы «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасында көзделген нормаларды іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.Заң жобасында еліміздің Қылмыстық іс жүргізу, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңға түзетулер енгізу көзделген.Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті құрған жұмыс тобына депутат Жақып Асанов жетекшілік жасайды. Жұмыс тобының мүшелері ? депутаттар Бағила Баймағамбетова, Гүлжан Қарағұсова, Дарья Клебанова, Айгүл Соловьева, Тито Сыздықов, Бекболат Тілеухан.
Соңғы жаңалықтар