Түскі сағат 12.30-дағы жағдай бойынша Павлодар облысының орманды алқаптарындағы өрттерді сөндіру жалғасып жатыр - ТЖМ

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының орманды алқаптарындағы ірі өрттердің сағат 12.30-дағы жағдайынан мәлім етті.
None
None

Алынған ақпаратқа сәйкес, Павлодар облысында Ертіс-орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесіне қарасты бірнеше орманшылықтардан қыркүйектің 8-і күні шыққан ірі өрттерді ауыздықтау әлі де жалғасып жатыр.

Отты сөндірумен Төтенше жағдайлар мен Қорғаныс министрліктерінің 449 адамы, 95 техникасы мен авиациясы айналысуда. Сонымен қатар, онда Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, әкімдік пен ерікті өрт сөндірушілер құрылымдарының күштері жұмылдырылды. Шекаралас аумақтардағы өрттерді сөндіру үшін Ресей авиациясына ел аумағына кіруге рұқсат етілді.

ТЖМ-нан анықтағандай, қазіргі уақытта ведомство басшысы Владимир Божко мен облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев тікұшақпен өртке оранған орман алқаптарын аралауда.

Соңғы жаңалықтар