01:05, 10 Қараша 2013 | GMT +5
Тутанхамон мазарының көшірмесі ашылғалы жатыр
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Тутанхамон мазарының көшірмесі қараша айында тұпнұсқаның жанында ашылмақ,

деп жазады he Daily Mail |.
Египет көне заттар істері жөніндегі жоғары кеңесі 2009 жылы туристер тарапынан болатын келеңсіздіктерге байланысты Тутанхамон, Сети I және Нефертари мазарларының көшірмесін жасауға тапсырыс берді. Жақын уақытта осы аталған зираттарға кіруге тыйым салынуы мүмкін, делінген мақалада.
Көшірмелерді жасаумен Factum Arte компаниясы айналысқан. Барынша нақты нәтижені алу үшін оның қызметкерлері 3D-сканерлерді қолданған. Сарапшылар жасаған Тутанхамон зиратының көшірмелері белгілі мысыртанушы Говард Картердің үйіне жақын жерде және түпнұсқадан 800 метр қашықтықта орналасқан.