Тұтыну бағаларын тұрақтандыру шаралары жүргізілуде

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Кеше "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесі мемлекеттік органдармен бірлесе атқарылатын жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында дөңгелек үстел отырысын өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Басқосуға "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Оңалбек Сәпиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Нұрлан Құдайбергенов, сол сияқты құқық қорғау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.Жиынды ашқан "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, сыбайлас жемқорлық жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Өлмесхан Болатбеков күн тәртібіндегі мәселенің өте маңызды екендігін, сыбайлас жемқорлықпен күресуде дәйектілікке жүгінудің қажеттілігін атап өтті.Республикалық "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Оңалбек Сәпиев аталмыш партияның жанынан тұрақты бақылау комитетінің құрылғанын жұртшылыққа жеткізді. Бұл комитет партия мүшелерінің жұмысына бақылау жасайды әрі заңдылық талаптардың орындалуын қатаң қадағалайды. Одан әрі Оңалбек Сәпиев облыстық партия филиалының бақылау комиссиясы құрылғанын жария етіп, оның төрағалығына облыстық мәслихат депутаты, облыстық мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру орталығының директоры Қалқазбек Әжібековтің тағайындалғанын мәлім етті. Сондай-ақ, партияның алға қойған мақсаттарын орындауда ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің орны ерекше екендігін атады.Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов жаңа салық кодексіндегі өзгерістер туралы баяндап, үш жылдық бюджеттің қабылданғанын жұртшылық назарына салды. Аймағымызға қатысты бірқатар мәселелердің оңды шешілгендігін де мәлімдеді. Өз кезегінде сөз алған мемлекеттік қызмет істері жөнінідегі облыстық басқарма бастығы, тәртіптік кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев тәртіптік кеңесте қаралған істер бойынша қысқаша хабарлама жасады. Хабарламашы сөз қорытындысында барлық мемлекеттік орындарда арыз-өтініштердің қаралу тәртібінің заңдылығын сақтау қажеттілігін айтты.Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Кемелбеков 2008 жылы сыбайлас жемқорлық сипатындағы бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу фактісімен ? 25, қызмет бабын теріс пайдалану ісі бойынша ? 1, пара алу ? 14, пара беру ? 11 және қызметтік жалғандық жасау фактісімен ? 7, лауазымдық сипаттағы 43 қылмыстық іс анықталғанын жариялады.Дөңгелек үстел басында пікір айтқан облыстық мәслихаттың депутаты Нұрмұрат Ерманов кейбір азаматтардың заңды жете білмейтіндігі салдарынан құқық бұзушылыққа жол беріліп жататындығын атады. Сондықтан әрбір жасаған қылмысты жете зерделеу қажет. Жалпы, дөңгелек үстел басындағы пікірлердің тоғысы осы бағытта өрбіді.Жиынды қорытқан "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, сыбайлас жемқорлық жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Өлмесхан Болатбеков партияның жұмысын жандандыру бағытында нақты істердің атқарылатындығына, заңдылықтың орындалуына қатаң бақылау болатындығына сенім білдірді.
Соңғы жаңалықтар