Тұтынушылар құқын қорғайтын заң қажет ? Қазақстанның тұтынушылар лигасы

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Тұтынушылар құқын қорғайтын заң керек. Тұтынушылардың білім-біліктілігі жоғары болғаны дұрыс. Бұл саладағы мемлекеттік саясат бізге ауадай қажет» - дейді «Қазақстанның тұтынушылар лигасының» басқарма төрайымы Светлана Савченко.
None
None
Бұл пікірін ол бүгін Парламент Мәжілісінде «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» жаңа заң жобасының таныстырылымында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның пайымдауынша, тек тұтынушылар құқын қорғайтың заң ғана қандай да бір тауар түріне қатысты өркениетті, талғамы жоғары қатынасты қалыптастырады. «Бұл саланы реттейтін арнайы мемлекеттік органның болуы міндетті емес. Бірақ бұл белгілі бір мемлекеттік органның құзырында болғаны дұрыс. Өйткені бізге тұтынушы құқын қорғаудағы мемлекеттік саясат қажет. Себебі бізде бұл мәселеге қатысты белгілі бір жүйе жоқ. Ал кәсіпкерлер бизнестің жауапкершілігін тек сөз жүзінде ғана қозғайды. Жақында ғана біз елдегі сүт өнімдерінің сапасына зерттеу жүргіздік. Сенесіздер ме, «Фудмастер» компаниясының біз пайдаланып жүрген сүті санитарлық-эпидемиологиялық тексеруден өтпей қалды. Яғни ол денсаулыққа қауіпті және мұндай мысалдар бізде жетерлік», - деді басқарма төрайымы. Оның сөзінше, өз қызметтерін адал атқарып отырған ел кәсіпкерлерінің барлығы да тұтынушы талғамының жоғары болғанын қалайды. «Өйткені олар өздерінің өнімдерін сапалы етіп шығаруы үшін қыруар қаржы жұмсайды. Сондықтан олар көпшіліктің шынайы, сапалы өнімді арам өнімнен нақты ажырата білгендігін қалайды. Ал бұл мәселелердің барлығы заңмен реттеледі. Кәсіпкерлерде жауапкершілік болуы керек», - деді С.Савченко.
Соңғы жаңалықтар