Түзету мекемелерінде пара берушілер азаймай отыр
АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Қабылданып жатқан алдын-алу шараларына қарамастан, республиканың түзету мекемелерінде пара алу көрсеткіші азаймай отыр,
деп хабарлады Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.
Қылмыстық із кесу органдары қылмыстық-атқару жүйесінің ішкі қауіпсіздік қызметкерлерімен бірлесе отырып, жылдың басынан бері республика бойынша пара беру үстінде 12 азаматтық тұлғаны ұстады. Тоғыз жағдайда пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.