14:16, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Түзету мекемелерінде Рождествоны тойлау шаралары өтеді
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Пенитенциарлық жүйенің түзету мекемелерінің аумақтарында орналасқан ғибадат бөлмелері мен шіркеулерінде бұл күндері Рождествоны тойлау шаралары өтіп жатыр,

деп хабарлады Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.
Атап айтқанда, Саумалкөл ауылында орналасқан ЕС-164/8 мекемесінде (Солтүстік Қазақстан облысы), Евгений Крокушев әкей мерекелік ғибадат рәсімдерін өткізеді, ал одан кейін спорттық жарыстар өтеді. Осындай рәсімді дьякон Всеволод Помыткин Петропавл қаласындағы балалар колониясында өткізеді.
Бұл күндері Шығыс Қазақстанның да барлық дерлік түзету мекемелерінде мерекелік ғибадат рәсімдері орындалды және дастархан жайылды.