Twitter ұқсас жазбаны бір уақытта бірнеше аккаунтта жариялауға тыйым салмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шағын блоктар қызметін жүзеге асыратын Twitter бірдей немесе өте ұқсас жазбаны бір уақытта бірнеше аккаунтта жариялауға тыйым салмақ. Бұл туралы әлеуметтік желінің интернет-блогта жарияланған мәлімдемесінде хабарланған, деп жазады ТАСС.

Twitter ұқсас жазбаны бір уақытта бірнеше аккаунтта жариялауға тыйым салмақ

Хабарламада айтылғандай, бұл шара спаммен күрес және жағымсыз ақпараттардың таралмауы үшін жасалып жатыр.

Сондай-ақ, қоданушылар бұдан былай арнайы бағдарламалардың көмегімен бір уақытта бірнеше аккаунт арқылы «лайк» басып,  жазбаларды бөлісе алмайтын болады.