Тым әдемі баланың ата-анасы бөтен сәбиді асырағанын 28 жылдан кейін білді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда ерлі-зайыптылар 28 жыл бойы бөтен баланы тәрбиелеп келген. Бұл жайлы баласының тым әдемі болып өскенін көрген әкесі ДНК-тестін жасағаннан кейін белгілі болды.
None
None

Әкесі баласының тым әдемі болып өскені жайлы күдігін әйеліне айтады. Қытайлық Kanka News арнасының деректеріне сәйкес 28 жастағы жігіт анасының да, әкесінің де биологиялық баласы болмай шықты.

1989 жылы Шанхай ауруханасында оларға басқа баланы беріп жіберген. Анасы Чжан ері екеуі ұлының сыртқы келбетіне қарап, алаңдағанын айтты. Ерлі-зайыптылар 2004 жылы күйеуінің Чжанды көзіме шөп салды деп айыптап, ажырасқандарын атап өткен жөн.

Ал жігіт болса, ДНК тестің нәтижесінен қатты соққы алғанын жасырмады. Ол әлі де бұған сенгісі келмейтінін, оларды  өз әке-шешесі екеніне сеніп өмір сүргенін айтты. Жігіт аурухананы сотқа беріп, өзінің биологиялық ата-анасын және асыраушы ата-анасының баласын іздеуге көшті. Ал анасы 1,3 миллион юань (11 миллион рубль) өтемақы талап етті.

Соңғы жаңалықтар