Тынық мұхит пластик қоқыстардан тазартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік теңізде су бетінде қалқып жүретін пластик қоқыстарды сүзетін бөгет орнатылды. Жобаны 22 жастағы голландиялық зерттеуші Боян Слэт ұсынған, деп хабарлады 24.kz.
None
None

Бұл ретте мұхиттық ағыстарға кесе-көлденең жүз шақырымдық бөгеттер орнату көзделген. Бөгеттер бір-біріне байланған үрлемелі жастықтардан тұрады. Олар қоқысты бір жерге жинап, кейін ол қайта өңдеуге жіберіледі. Мамандардың есебінше, жыл сайын Тынық мұхитына 8 млн. тонна пластик қоқыс түседі. Ол негізінен Калифорния мен Гавайи аралдары арасындағы 5 жерде шоғырланған. Бұған мұхит ағыстарының иірілуі себеп.

Солтүстік теңізде осы бөгеттің кішірейтілген түрі орнатылған. Оның ұзындығы 100 метр ғана. Ал мұхитқа алып бөгеттер орнатар алдында оны жиі дауыл соғатын әрі ағысы күшті Солтүстік теңізде сынақтан өткізбек.  

Соңғы жаңалықтар