Тыйым салынған қоянды асыраған австралиялық оны теңіз шошқасы деп полицияға бой бермеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия тұрғыны қоянды теңіз шошқасы деп полицияны алдамақ болған. The Telegraph басылымының жазуынша, оқиға болған Квинсленд штатының заңында қоянды үй жануары ретінде асырауға тыйым салынған.
None
None

Қоянның иелері оны теңіз шошқасы деп дәлелдеп баққанымен полицейлер өз көздеріне сенген. Үй қоянының құлағы ғана ұзын емес, денесі де шағын кеміргіштен әлдеқандай үлкен еді. Квинсленд полициясының Туиттердегі парақшасында салынған суретке қарасақ ұзынқұлақтының тұрқы 20-30 сантиметр.

Заңды бұзғандар Спрингвуд қаласында вагон лашықта қоян асыраған. Квинсленд заңында тыйым бойынша қоян асыраушыларға 33 мың доллар айыппұл салынып, жарты жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Өйткені, Австралияда қоян аса қауіпті зиянкестер қатарына - инвазивтік түрге жатқызылады. Ол жергілікті фаунаны жойып жіберуі мүмкін.

Қоян ұстауға тек ғылыми мақсатта немесе көңіл көтеру бағдарламасына бола асырайтындарға ғана арнайы рұқсат беріледі.

Полиция алып қойған қоян Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы арнайы қорыққа еркіндікке жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар