ТЖД 63 қызметкерін жұмыстан шығару ұсынылды - Ақтөбе

АҚТӨБЕ. 14 қараша. ҚазАқпарат - ТЖ бойынша департаментінде өткен баспасөз мәслихатында қызметкерлердің кезектен тыс аттестатталуының қорытындылары шығарылды.
None
None

ТЖ бойынша департаментінің бөлім бастығы Мәдина Иманғалиеваның айтуынша, орталық аттестаттау комиссиясында ТЖ бойынша департаментінің және өрт сөндіру қызметінің 19 қызметкері аттестаттаудан өтті. Әңгімелесу қорытындыларының нәтижесінде 5 маман қызметтеріне сәйкес емес деп танылды, олардың үшеуін басқа қызметке ауыстыру, екі қызметкерді құқық қорғау қызметтерінен жұмыстан шығару ұсынылды.

12 қызметкер қызметтеріне сәйкес деп танылды, 2 адамды оған қоса кадрлық резервке есепке тұрғызу ұсынылды.

Аймақтық комиссияда аттестаттаудан 538 қызметкер өтті. Қорытындылауда 415 қызметкер қызметтеріне сәйкес деп танылды, 35 қызметкер оған қоса кадрлық резервке есепке тұрғызуға ұсынылды.

Сонымен бірге 88 адам қызметтеріне сәйкес емес деп танылды, соның ішінде 16-сын қызметте төмендетуге, 11-ін басқа қызметке ауыстыруға, 61 қызметкерді құқық қорғау органдарынан жұмыстан шығаруға ұсыныс  етілді.

Соңғы жаңалықтар