ТЖМ-ға Балқаш көліне балық аулауға кетіп, қайта оралмаған тағы 4 балықшы туралы ақпарат түсті

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Қарашаған ауылдық округінің әкімінен Балқаш көліне жекеменшік көліктерімен балық аулауға кетіп,
None
None

қайта оралмаған тағы 4 балықшы туралы хабар алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол өткен сейсенбі, қаңтардың 12-сі күні «УАЗ» көлігімен 21-38 жас аралығындағы ауылдың төрт тұрғыны балық аулауға кетіп, қайта оралмағандығы туралы айтқан.

Осыған байланысты әлгі жандарды іздеуге Сарқанд ауданының 4 адамы мен бір техникасы, сондай-ақ ауылдың 7 тұрғыны мен 3 жекеменшік көлік жұмылдырылды.

Қаңтардың 13-і сағат 19.00-ге дейін Атжайлау, Ала аяқ, Полигон, Қарашаған бухтасы және Құс аралы аумақтарында жүргізілген іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Іздеу бүгін, қаңтардің 14-і күні қайта жалғасады.

Соңғы жаңалықтар