Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ТЖМ қызметкерлері Балқаш көлінде екі баланы құтқарды

АСТАНА. KAZINFORM –  Бүгін Қарағанды облысында, Приозерск қаласындағы Балқаш көлінің жағажай маңында ТЖМ қызметкерлері екі балаға көмекке келді.

ТЖМ қызметкерлері Балқаш көлінде екі баланы құтқарды
Фото: видеодан алынғын скрин

Белгілі болғандай, балалар жүзу тақтасында сырғанап жүрген кезде қатты жел оларды жағадан шамамен 250 метр қашықтыққа алып кеткен.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, оларды жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.

Айта кетелік Балқаш жағалауына көлігімен кіріп, демалушыларды шошытқан жүргізуші 10 тәулікке қамалған еді.