ТЖМ Приозерск, Семей, Курчатов қалаларындағы жылу беру қазандықтарының өткен жылғыдай істен шығуына жол бермеуді басты назарда ұстайды

ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ТЖМ Приозерьск, Семей, Курчатов қалаларындағы жылу беру қазандықтарының өткен жылғыдай істен шығуына жол бермеуді басты назарда ұстайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Оның атап өтуінше, министрліктің аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған 952 жылу беру қазандығының 672-сі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. «Қазіргі уақытта 653 қазандыққа жөндеу жасалды. Бұл жөндеу жұмыстары жоспарланған қазандықтардың 97 пайызына тең. Астана, Алматы қалаларында, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қазандықтардың дайындығы 100 пайызды құрайды», - деді министр.

Сонымен қатар В.Божконың атап өтуінше, ШҚО, БҚО, Қарағанды, СҚО, Маңғыстау облыстарында жылу беру құрылғылардың дайындығы 90-нан, 97 пайызға дейін болса, ал Павлодар облысында 84 пайызға әзір.

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан қазандықтардың басым бөлігі осы кезеңде жылу желілеріндегі қалыпты температураны ұстап тұруға қауқарлы екендігін ескертіп өткен ол: «Дегенмен жөндеу жұмыстарының жедел жүргізілуін қалаймыз. Өйткені бұл жұмыстар мерзімінен кешіккен жағдайда қосымша резервтік қуат жетіспеуі мүмкін», - деді.

Сөз соңында В.Божко министрліктің Приозерьск, Семей, Курчатов қалаларында өткен жылғыдай қазандықтардың істен шығуы оқиғасына жол бермеуді баста назарда ұстайтындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар