ТЖМ: Республика бойынша 41 судан құтқару стансысын салу керек

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Республика бойынша 41 судан құтқару стансысын салу керек.

ТЖМ: Республика бойынша 41 судан құтқару стансысын салу керек

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай мәлім етті.

«Былтырғы жылы суда қаза болғандардың саны 1600-ді құрады. Олардың ішінде тек 3 жағдай ғана судан құтқару қызметінің аумағында орын алыпты. Қалғанының ешқайсысында бұндай қызмет болмаған. Сондықтан да, республика аумағында әлі де 41 судан құтқару қызметінің стансыларын салу қажет», - дейді В. Божко.

Сонымен қатар, министр кадрмен қамтамасыз ету мәселесін айта келе, Көкшетау техникалық институты базасында білім беру тапсырысын арттыруға тоқталды.

«Өйткені, бізден шетелдік мамандарды, оның ішінде Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан елдерінің мамандарын оқытуды қайта-қайта өтініп, сұрап жатыр», - деді министр.