11:01, 20 Желтоқсан 2013 | GMT +5
ТЖМ «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басқарма бастығы ұсталды
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 9 желтоқсанда кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстарды қабылдауға көмектескені үшін 230 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат алды деген күдікпен

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резерв комитеті «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басқарма бастығы М. Бләловты ұстады.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес Бләлов өз кінәсін толық мойындауына және жиналған дәлелдемелерге күмән келтірмеуіне байланысты, бұл факті бойынша өндіріс оның келісімімен жеңілдетілген тәртіпте жүргізілді.
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа тапсыру үшін прокуратура органдарына жолданды, деп хабарлады Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметінен.