Уақытша үкімет басшысының орынбасары елде лаңкестік шаралар болуы мүмкіндігі туралы ескертеді

МӘСКЕУ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Исмағұлов/ - Қ. Бакиевтың кейбір туыстары Қырғызстанда лаңкестік шаралар ұйымдастыру үшін түрлі ұйымдармен байланыс орнатуға тырысуда. Бұл туралы бүгін Қырғызстанның Ресейдегі Елшілігіндегі баспасөз мәслихатында Қырғыз Республикасы уақытша үкіметі төрағасының орынбасары Темір Сариев мәлімдеді.

Уақытша үкімет басшысының орынбасары елде лаңкестік шаралар болуы мүмкіндігі туралы ескертеді

Оның айтуынша, уақытша үкімет бүгінгі күні аймақтағы жағдайды тұрақтандыру үшін елдегі жайтты толық бақылауға алып, қоғамдағы тыныс-тіршілікті ойдағыдай қамтамасыз ете алған.

«Бірақ мен, бұл туралы бізде дәлелді дабылдар да бар, Қ. Бакиевтың кейбір туыстары Қырғызстанда әлдеқандай лаңкестік шаралар ұйымдастыруды көздеген - түрлі ұйымдармен байланыс жасауға талпыныс бар екенін айта аламын», - деді ол.

Т. Сариев, шұғыл ақпараттар бойынша, мұндай тірліктің елден тысқары жақтан өрбіп жатқанын, сонымен қатар бұрынғы президенттің ұлы Максим Бакиев, қылмыскерлік мақсатта пайдаланылуы мүмкін шетелдік азаматтар мен ұйымдарға, шығуға тырысып жатқанын атап өтті.