Уақытша үкімет Қ.Бакиевтің інісін табуға 100 000 доллар бәс тігіп отыр

АСТАНА. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат - Қырғызстаннның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің туыстары мен қолпаштаушыларын іздестіруге көмек бергендерге 20 мыңнан 100 000 долларға дейін бәс тігілді, деп хабарлайды РБК агенттігі уақытша үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Баспасөз қызметінің атап өткеніндей, уақытша үкіметтің елдегі құқық тәртібі мен қауіпсіздікті қмтамасыз ету комиссиясы бүгінде президенттің үш інісі - Жәнібек, Ахматбек және Қаныбекті, сондай-ақ экс-президенттің ұлы Максим Бакиевті іздестіруде.

Бақиевтің туыстарынан басқа оның отбасын қолпаштаушылар мен бірқатар шенеуніктерге де іздеу жарияланды. Олардың арасында экс-премьерлер Данияр Үсенов, Игорь Чудинов, бұрынғы өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрі Сапарбек Балқыбеков, президенттің бұрынғы іс басқармасының бастығы Құрманбек Темірбаев, қаржы полициясының бұрынғы бастығы Әкімжан Мүйбіллаев, ҚР даму қорының басшысы Алексей Елисеев, «сұр кардинал» атанған Алексей Ширшов және республика ІІМ жоғары шенді қызметкері Нұрлан Темірбаев бар.

Соңғы жаңалықтар