Uber қызметкерлер санын шамамен 10%-ға қысқартады

АСТАНА. KAZINFORM — Uber компаниясы ұйымдық құрылымды оңтайландыру және шешім қабылдау үдерісін жеделдету мақсатында қызметкерлер санының шамамен 10%-ын қысқартатынын мәлімдеді, деп жазады Анадолы.

Uber
Фото: Анадолы

Компанияның бас директоры Дара Хосровшахи қызметкерлерге жолдаған хабарламасында басқару жүйесін жеңілдетіп, командалардың жұмысын қайта ұйымдастыратынын айтты. Кейбір қызметкерлердің міндеттері де өзгеруі мүмкін.

Компания қызметкерлерінің саны шамамен 10%-ға қысқарады. Қысқартылатын қызметкерлердің басым бөлігіне бұл туралы алдын ала хабарланған.

Компанияның айтуынша, бұл шешім компанияның қаржылық жағдайына немесе қызметкерлердің жұмысына байланысты емес. Негізгі мақсат — компания өскен сайын күрделене түскен жұмыс құрылымын жеңілдетіп, шешімдерді тезірек қабылдау.

Uber басшылығы неғұрлым ықшам әрі қарапайым ұйымдық құрылым шешімдерді жылдам қабылдауға мүмкіндік береді деп есептейді. Ал қысқарту нәтижесінде үнемделген қаражат компанияның дамуына, инновацияларға және болашақ инвестицияларға бағытталады.

Осыған дейін инватакси қызметі Астана мен Алматыда қаншалықты сұранысқа ие екенін жазғанбыз.