Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҰБТ-ға қатысқан биылғы түлектердің 60 пайызы мемлекеттік білім грантынан үміткер - С. Ырсалиев

АНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ -  Ағымдағы жылы ҰБТ-ға қатысқан 106 мың түлектің тек 64 мыңы мемлекеттік білім грантынан үміткер. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен брифингте аталған ведомствоның Дамыту стратегиясы департаментінің директоры Серік Ырсалиев мәлімдеді,

ҰБТ-ға қатысқан биылғы түлектердің 60 пайызы мемлекеттік білім  грантынан үміткер - С. Ырсалиев

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

С.Ырсалиевтің сөзіне қарағанда, өткен жылы түрлі себептермен оқуға түсе алмай қалған 33 мыңдай  жас  түлектердің биылғы кешенді тестінде бақ сынаған және олардың 11 мыңы мемлекеттік грант байқауына қатысады.

«Ағымдағы және өткен жылы мектеп бітірген түлектер арасындағы конкурсқа қатысу айырмашылығы өте үлкен. Қазіргі уақытта биылғы жылы мектеп бітіріп, ҰБТ-ға қатысқан түлектердің 60 пайызы мемлекеттік білім  грантынан үміткер. Ал өткен жылдары мектеп бітіргендердің тек 33 пайызы ғана 45 балдық ең төменгі деңгейден өтті. Бұл- осы жылғы мектеп бітірушілердің білім деңгейінің жоғары екенін көрсетеді және олардың 14 пайызы ғана 45 балдық төменгі шектен өте алмаған», дейді С.Ырсалиев