«ҰБТ-ға көмектесемін»: Павлодарда алаяқтықпен 1 млн теңге алған күдікті ұсталды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Павлодарда ҰБТ-ға көмектесемін деп 1 млн теңге алған бұрынғы мұғалім ұсталды. 

полиция
Фото: Polisia.kz

Polisia.kz порталының мәліметінше, жәбірленуші полиция көмегіне жүгініп, Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болып жұмыс істеген азаматтың ҰБТ-ны тапсыруға көмек көрсетемін деген желеумен 1 млн теңге көлемінде ақша алғанын хабарлаған. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Полиция азаматтарға егер осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болса, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуді ескертеді.

Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері Павлодар облысында 1 872 киберқылмыс тіркелген. 

Бұған дейін полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерткенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар