ҰБТ қорытындысын тексеру қысқа дейін созылады - Аймағамбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысын тексеру қысқа дейін созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Балалар Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырып болғаннан кейін де тиісті тексеріс жүргізіледі. Ол тексеріс қысқа дейін созылады. Кейбіреулер грант таратылғанда оны жеңіп алғанымен видеоларды, баллдарын қараған кезде әртүрлі ауытқу табылса, онда грант жойылады», - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Оның атап өтуінше, талапкердің қаңтарда, наурызда, мамырда тапсырған ҰБТ қорытындысы тексеріледі.

«Тексеру барысында ауытқу 20, 30 баллдан көп болса, бізде күдік пайда болады. Біз ол балалардың видеоларын бөлек толығымен қараймыз. Ұлттық тестілеу орталығы осындай үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Егер күнделіктегі математикадан бағасы төмен болса, ал ҰБТ-да жоғары балл алса, онда қараймыз. Мүмкін шын мәнінде жақсы дайындалған шығар. Алайда, бізде күдік пайда болады және видеосын қараймыз», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар