21:38, 03 Маусым 2015 | GMT +5
ҰБТ: Оңтүстікқазақстандық 3 түлек 123 балл жинады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 30 982 мектеп бітірушілердің 71 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге өтініш берді. 2 маусым күні 4 710 оқушы тест тапсырды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша облыста орташа балл 78,5 баллды құрады. Сондай-ақ 171 үміткер «Алтын белгіні» растады. Соның ішінде Мақтарал ауданындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 34 бітірушісі «Алтын белгіле» лайықты екендігін толық дәлелдеді. Жалпы, кеше оңтүстікқазақстандық 3 түлек 123 балл жинады. Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы Мақтарал ауданындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 29 түлегі «Алтын белгі» иегері атанса, өткен жылы бұл көрсеткіш 27-ні құраған болатын.