ҰБТ ұзақтығы - төрт сағат

ҰБТ
Фото: Kazinform

Тестілеу ұзақтығы – төрт сағат (240 минут). Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қосымша 40 минут уақыт қарастырылған.

«Тестілеу кезінде талапкерлерге бірнеше үзіліс беріледі. Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін 2 минут, 120 минуттан кейін 3 минут және 180 минуттан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі. Бұл уақытта тестке қатысушылар жаттығу жасап, су ішіп, өздерімен бірге алып келген шоколадты жей алады», - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Шығармашылық бағытты таңдаған талапкерлерге тапсырмаларды орындау үшін 70 минут беріледі. Олар ҰБТ-ны екі пән – «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» бойынша тапсырады. 

Шығармашылық мамандықтан басқа мамандыққа ауысуға ниетті студенттер үшін тестілеу ұзақтығы – 130 минут. Тестке қатысушылардың бұл санаты таңдауы бойынша екі бейіндік пән бойынша тест тапсырады.

Өз мамандығы немесе сабақтас бағыт бойынша оқуын жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектеріне ҰБТ-да 120 минут беріледі. Осы уақыт ішінде олар жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырмаларды орындайды.

Ұқсас мамандықтар бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған шығармашылық бағытты тәмамдаған колледж түлектері үшін тестілеу уақыты – 80 минут. Олар ҰБТ-ны бір арнайы пән бойынша тапсырады.

Соңғы жаңалықтар