UCI сарапшысы: Алматы халықаралық велотур өткізуге дайын

АЛМАТЫ. 2 қазан. ҚазАқпарат - «Алматы туры» трассасы қатысушылар үшін мінсіз және қауіпсіз. Бұл туралы Алматыдағы бұл жарысты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі UCI кеңесшісі Джек Ватсон жариялады.
None
None

Оның айтуынша, мұндай сыныптағы халықаралық жарысты өткізуге дайындыққа әдетте 8 айдай уақыт керек. Ал «Алматы туры» барынша қысқа мерзімде ұйымдастырылып отыр. Қала оны өткізуге толық дайын.

6 қазанда болатын 1 және 2-сыныпты бұл веложарыс Алматыда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Оған АҚШ, Австралия, Италия, Латвия, Украина, Нидерланды, Франция, Ирландия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей сияқты 17 елінен 20 команда қатыспақ. Олардың арасында кәсіпқой, құрлықтық және ұлттық командалар бар. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол «Eurosport» халықаралық спор телеарнасынан трансляциаланып, жарысты әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған халық тамашаламақ. Бұл сарапшылардың пайымдауынша, туризмнің дамуына тың серпін беріп, шетелдік туристер арасында шаһардың танымалдығын арттыра түседі.

Соңғы жаңалықтар