Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы қабылданғаннан кейін ізінше бизнесті дамыту бойынша бағдарламаны бекіту қажет - К. Мәсімов

sp; АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама қабылданғаннан кейін ізінше бизнесті дамыту бойынша бағдарламаны бекіту қажет.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустриялық-инновациялық бағдарламаның жобасы бүгін Үкіметте мақұлданғанына тоқталған Премьер-Министр, «Енді оны Елбасының қарауына ұсынамыз. Президент бекіткеннен кейін осы бағдарламаға қарасты дереу келесі құжаттарды әзірлеу қажет», деді.

Үкімет басшысы бірінші кезекте 2020 жылға дейінгі бизнестің Жол картасы мәселесін қарастыру керектігін атап өтті. «Біздің отандық бизнестің бұл бағдарламаны жүзеге асыруға атсалысуы өте маңызды. Негізгі мақсат индустрияны алға жылжыту ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның жеке кәсіпорындары толыққанды кірігіп, болашақта біздің индустрияның тұғыры болу үшін жағдай жасау. 2020 жылға дейінгі бизнестің Жол картасының мақсаты одан әрі қарай дамудың негізгі мәселесі болып табылады. Осыған біздің бұдан кейінгі жұмыстарды негіздеу керек», деді Премьер-Министр.

Аталған мәселелер бұған дейін айтарлықтай толыққанды зерделеніп талқыланғанын жеткізген К. Мәсімов, «Индустриялық бағдарлама қабылданғаннан кейін, ізінше бизнесті дамыту бойынша бағдарламаны бекіту керек. Ол тәжірибе жүзінде әзір», деп атап өтті Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар