11:47, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша барлық міндеттер орындалуы тиіс -Үкімет басшысы
А. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша барлық міндеттер орындалуы тиіс.

Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл өте дұрыс шешім. Себебі, біз қазірден бастап осы ауқымды жұмысқа кірісіп отырмыз. Атап айтқанда, осыған жауапты министрлер, облыс әкімдері белгіленген мерзім бойынша жұмыстың атқарылуын бақылауда ұстауы тиіс», деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, үдетілген индустриялық даму бағдарламасы аясында өңірлерде нақты тәжірибелік жұмыстар іске асырылады. Ө. Шөкеевтің сөзіне қарағанда, 2010 жылы 78 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. «Жаңа жобаларға тоқталсақ, олар көбінесе ірі миллиардтық жобалар. Олардың барлық саны 44 құрайды», деді ол.