УЕФА албаниялық ойыншы Даканы екі матчтан шеттетті

матч
Фото: EFE

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан Албания құрамасының шабуылшысы Мирлинда Даку EURO-2024 матчтарының бірінен кейін македониялықтар мен сербтерге қарсы дөрекі сөздер айтқаны үшін УЕФА тарапынан екі ойынға жазаланды.

26 жастағы футболшы Албания құрамасының алдағы екі кездесуіне қатыса алмайды. Ол Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің 3-турында Испанияға қарсы ойында, яғни бүгін алаңға шықпайды. Егер албаниялықтар топтық кезеңнен шығып жатқан жағдайда Даку 1/8 финалдың кездесуіне де қатыспайды деген сөз.

Сонымен қатар УЕФА Албания құрамасына 47500 еуро айыппұл салды. Бұған Хорватияға қарсы матчта жанкүйерлердің от жағу әрекеті, оған қоса орынсыз ұрандатулары себеп болған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының алтыншы ойын күнінде В тобында екінші турда Хорватия мен Албания тең түскенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар