УЕФА алдағы уақытта чемпионатты 12 немесе 24 қалада өткізу мүмкіншілігін қарастырып жатыр

None
None
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Таяу аралықта УЕФА-ның атқарушы комитеті «Еуро-2020»-ны Еуропаның жеке елдерінінде емес барлық құрлықтағы еуропалық қалаларда өткізу мүмкіншілігін қарастырады.

 BBC News-тің хабарлауынша, бұл жайында УЕФА-ның президенті Мишель Платини мәлім еткен.

Оның пайымынша, чемпионатты осылайша өткізу қаржылық тұрғыдан алып қарағанда барынша жеңіл болмақ. Платинидің айтуына қарағанда, чемпионатты бір елдің 12 стадионында, сонымен қатар бүкіл Еуропадағы 12-13 қалада өткізуге де болады.

Айта кетейік, УЕФА жоспарына сәйкес «Еуро-2016» Францияда өтеді. Оған алғаш рет 24 құрама команда қатысатын болады.

Соңғы жаңалықтар