UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде «Қайрат» қанша пайда тапты
АСТАНА. KAZINFORM - 2025/26 жылғы маусымда UEFA Чемпиондар лигасын негізгі кезеңінде өз тарихында алғаш рет бақ сынаған қазақстандық «Қайрат» командасы қанша пайда тапқаны белгілі болды.
Қазақстандық команда негізгі кезеңде сегіз ойында бір ұпайға қол жеткізді. Олар Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
«Қайрат» Чемпиондар лигасын негізгі кезеңіне шыққаны үшін 18,62 миллион еуро (11,23 миллиард теңге) алды. Негізгі кезеңдегі бір тең ойын үшін командаға тағы 19,32 миллион еуро (11,65 миллиард теңге) келді.
Еурокубок маусымы аяқталғаннан кейін бұл сомаға телевизиялық және маркетингтік құқықты сатудан түскен төлем қосылады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасының үздік қақпашылары қатарына енді.