УЕФА Кубогының элиталық раунды: «Қайрат» пен «Тұлпар» командаларының ойын кестелері белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мини-футболдан Алматының «Қайраты» мен Қарағандының «Тұлпар» командаларының УЕФА Кубогының элиталық раундындағы ойын кестелері белгілі болды. Бұл туралы бүгін «Қайрат» мини-футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Қайрат» командасы жеребе бойынша «С» тобына түскен болатын. Мұнда алматылықтар «Газпром-Югра» (Ресей), «Эра-Пак» (Чехия) және алаңа иелері «Дьёр» (Мажарстан) командаларымен кездеседі.

Сонымен, Элиталық раундтың «С» тобындағы ойын кестесі төмендегідей: 10-шы қараша:

«Дьеё» (Мажарстан) - «Эра-Пак» (Чехия)

«Қайрат» (Қазақстан) - «Газпром-Югра» (Ресей)

11-ші қараша:

«Дьёр» - «Газпром-Югра»

«Эра-Пак» - «Қайрат»

13-ші қараша:

«Газпром-Югра» - «Эра-Пак»

« Қ айрат» - «Дьёр»

Ойындардың барлығы Мажарстанның Дьёр қаласындағы 2800 орындық «Магвашши Михали» спорт кешенінде өтеді.

Ал «Тұлпар» командасы Элиталық раундтың «Б» тобына түсті. Мұнда қарағандылықтар «Халле-Гооик» (Бельгия), «Железарец» (Македония) және алаң иелері - «Пескара» (Италия) командасымен бақ сынасады.

Сонымен, Элиталық раундтың «Б» тобындағы ойындар кестесі төмендегідей:

11-ші қараша:

«Тұлпар» (Қазақстан) - «Халле-Гооик» (Бельгия) «Пескара» (Италия) - «Железарец» (Македония) 12-ші қараша:

"Железарец" (Македония) - "Тұлпар" (Қазақстан) "Пескара" (Италия) - "Халле-Гооик" (Бельгия) 14-ші қараша: "Халле-Гооик" (Бельгия) - "Железарец" (Македония) "Тұлпар" (Қазақстан) - "Пескара" (Италия)

Бұл топтың барлық ойындары Итальяның Пескара қаласында орналасқан "Джованни Паоло II" спорт аренасында болады.

Басқа топтардың ойындары да 10-15-ші қараша аралығында өтеді.

Кейін, барлық төрт топтың жеңімпаздары ең соңғы турнир - «Төртеудің финалына» қатысып, УЕФА Кубогының иегерін анықтайды. «Төртеудің финалы» турнирі 2016 жылы сәуір айында жеребе бойынша төрт команданың бірінің спорт аренасында өтеді.

Соңғы жаңалықтар