ҰЭМ Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры тағайындалды

Маханбет Мыңбаев Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰЭМ Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры тағайындалды
Фото: Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі

Маханбет Бақытжанұлы Мыңбаев 1990 жылы дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін 2012 жылы бітірді. Сондай-ақ Тұран-Астана университетінде білім алған.

Еңбек жолын Астана қаласы Кәсіподақтар кеңесінің маманы болып бастады.

2013-2014 ж.ж. - «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында консультант болып істеді.
2014-2015 ж.ж. - ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Бақылау-қадағалау қызметін жоспарлау және ұйымдастыру басқармасының сарапшысы, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Заң қызметі басқармасының сарапшысы.
2015-2018 ж.ж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Заң департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2018-2020 ж.ж. - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаментінің Құқықтық сараптама басқармасының басшысы.
2020-2023 ж.ж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің Реттеушілік саясат басқармасының басшысы, Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті директорының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар