ҮЕҰ-дың арасында «тазарту» жүргізу керек және жұмыс істемейтіндерді жабу қажет - сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтік емес ұйымдардың арасында «тазарту» жүргізу керек және жұмыс істемейтіндерді жабу қажет, деп есептейді «Қазақстанның азаматтық альянсы» ұйымының директоры Ильдар Катенов.
None
None

«Үкіметтік емес ұйымдардың арасында «тазарту» жүргізу қажет. Ол Қазақстанда қанша қоғамдық ұйымның барын анықтау үшін керек. Процедураларды жеңілдету арқылы, үкіметтік емес ұйымдардың ресми түрде жабылуына ықпал еткен жөн. Қазір біз 27 мың ҮЕҰ бар деп жүрміз. Алайда оның нақты саны мен олардың қайсы жұмыс істеп жатқанын, қайсы сапалы қызмет көрсетіп жүргенін білмейміз. Сондықтан барымызды, жоғымызды түгендеп алған дұрыс», - деп атап өтті ол.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметтердің азаматтық салаға көшірілуі қарсаңында бұл өте қажет қадам болар еді.

«Мемлекеттік қызметтің бір бөлігі азаматтық секторға өткен кезде, біздің елде ҮЕҰ нарығы пайда болады. Бәсекелестік артады. Меніңше, үкіметтік емес ұйымдар мемлекетке қарағанда қызметтерді едәуір сапалы әрі арзан көрсете алады», - дейді И. Катенов.

Қазіргі уақытта қоғамдық ұйымдар қаржыландырудың жеткіліксіздігінен жұмысын сапалы деңгейге көтере алмай отыр. Себебі мамандар тұрақтамайды. Дегенмен, болашақта тиісті заңнамалық өзгерістер орын алса, бұл олқылық аз уақытта жойылады, деп есептейді ұйым басшысы.

Соңғы жаңалықтар