13:39, 14 Қараша 2013 | GMT +5
ҮЕҰ-ларды қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселесі қазірдің өзінде шешілуде - Е.Ерімбет
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат ҮЕҰ-ларды қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселесі қазірдің өзінде шешілуде. Бұл туралы бүгін VI Азаматтық форум аясында БАҚ өкілдеріне танымал саясаткер Ерлан Ерімбет мәлім етті.

«Жалпы, бұл мәселелер қазірдің өзінде министрлердің, Премьер-Министр кеңсесі кабинеттерінде шешілуде. Қазіргі таңда бұл проблеманы біздің қаржыгерлер мен Үкімет басшылары біледі», - деді ол.
Оның атап өтуінше, таяуда заңнамаға өзгертулер енгізілетін болады. Оған сәйкес үкіметтік емес ұйымдар коммерциялық ұйымдарға теңестірілмейді. Бұдан бөлек, Е.Ерімбет ҮЕҰ-лар бүгінде барынша өзекті болып отырған жастар мәселесімен айналысуы қажеттігін баса айтты.