Уфа мэрі Астанадағы башқұрт орталығына ұлттық киімдерді сыйға тартпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақбозат» башқұрт этномәдени бірлестігінің белсенділері Уфа қаласының басшысы Ирек Ялаловпен кездесті, деп хабарлайды әкімнің ресми сайты.
None
None

Кездесу барысында қазақстандық башқұрттардың тарихи елімен байланысы, ықпалдастық мәселелері талқыланды. Уфа қаласының мэрі жас этномәдени бірлестікті қолдауға келісім беріп, алдағы уақытта «Ақбозат» бірлестігіне ұлттық нақыштағы киімдерді сыйға  тартуға уәде етті.

Кездесуге екі тарап та қызығушылық танытты. Башқұртстанның делегациясы башқұрттардың біздің елімізде, Қазақстанда тұру жағдайы мен ұлттың сақталуы сынды мәселелерге қызығушылық танытты дейді, этомәдени орталықтың өкілдері.

Айта кеткен жөн, Қазақстанда 1700-ден астам бұшқұрт бар, Астанада 1000-ға жуығы тұрады. «Ақбозат» - Қазақстандағы екінші башқұрт мәдени орталығы. Біріншісі Ақтауда жұмыс істейді.  

Соңғы жаңалықтар