UFC Qatar: қазақстандық спортшылардың қарсыласы анықталды

АСТАНА.KAZINFORM – 22 қараша Қатар астанасы Доха қаласында өтетін UFC Fight Night турнирінің негізгі кардын жарияланды.

UFC Qatar: қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды
Фото: report.az

Турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақ дивизиясында армениялық Арман Царукян және жаңа зеландиялық Дэн Хукер айқасады. Ал екінші басты жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы америкалық Белал Мұхаммед ирландиялық Иэн Мачадо Гарриге қарсы шығады.

Сондай-ақ, осы кеште қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Асу Алмабаев және Бекзат Алмахан шаршы алаңға шығады.

Турнирдің негізгі карды келесідей:

Жеңіл салмақ: Арман Царукян (Армения) - Дэн Хукер (Жаңа зеландия) ;

Жартылай орта салмақ: Белал Мұхаммед (АҚШ) - Иэн Мачадо Гарри (Ирландия);

Бірінші ауыр салмақ: Волкан Өздемир (Швейцария) - Алонзо Менифилд (АҚШ);

Аса жеңіл салмақ: Фелипе Лима (Бразилия) - Дэниел Маркос (Перу);

Аса жеңіл салмақ: Бекзат Алмахан (Қазақстан) - Александр Топурия (Грузия);

Ең жеңіл салмақ: Алекс Перес (АҚШ) - Асу Алмабаев (Қазақстан);

Ауыр салмақ: Сергей Спивак (Молдова) - Шамиль Гаджиев (Бахрейн);

Бірінші ауыр салмақ: Абдул-Рахман Яхьяев (Ресей) - Рафаэль Серкейра (Бразилия);

Жартылай жеңіл салмақ: Богдан Град (Австрия) - Люк Райли (Англия);

Орта салмақ: Исмаил Наурдиев (Морокко) - Райан Лодер (АҚШ);

Ең жеңіл салмақ: Тагир Ұланбеков (Ресей) - Киодзи Хоригучи (Жапония).

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ерұлан Қабдулов ММА-ден екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар