UFC үміткері Бекзат Алмахан бразилиялық Матеус Глорияны нокаутқа түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Бекзат Алмахан (15-1) Алматыда өтіп жатқан «Октагон 47» турнирінің кешіндегі басты кездесуде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

UFC үміткері Бекзат Алмахан бразилиялық Матеус Глорияны нокаутқа түсірді

Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жекте қазақстандық боксшы сегізбұрышта бразилиялық спортшы Матеус Глориямен (12-4-1) кездесті. Екінші раундтың басында-ақ Бекзат бразилиялық боксшыны басынан теуіп (хайкик) нокаутқа түсіріп, мансабындағы 16-шы жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде UFC-ге түсуге үміткер Алмахан аргентиналық Мауро Мастромариниден басым түскен UAE Warriors промоутерлік жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.