Угандада жасалған екі лаңкестік әрекет салдарынан 64 адам мерт болды

Бұған дейін, футболдан әлем чемпионатының финалдық кездесуі барысын мейрамханалар мен спорт барларда тамашалап отырған жерлердегі екі жарылыс салдарынан 23 адам мерт болды, деп хабарланған болатын. Зардап шеккендердің нақты саны әзірге анықталған жоқ, дегенмен қаладағы ауруханалардың біріне 12 жаралы жеткізілген, оның ішіндегі үшеуі американ азаматтары болып шықты.
Жарылғыш зат шілденің 11-інде кешкілік мейрамхана мен спорт-барда футболдан әлем чемпионатының финалдық кездесуін тамашалауға халықтың мейлінше көп жиналған кезінде іске қосылған.
РБК-ның хабарлауынша, бомбаның біреуі Kyadondo регби-клубында жарылған. Жарылыстар араға көп уақыт салмай, бірінен кейін екіншісі қайталанған. Оқиға орыны қоршалды. Құтқару қызметі мен қауіпсіздік күштері зардап шекендерге жедел медициналық көмек көрсетіп, адамдарды қауіпсіз аймаққа көшірді.
Екінші жарылыс Кампаламен көршілес жатқан эфиопиялық Кабалгала елді мекенінде орын алды.