16:37, 03 Наурыз 2010 | GMT +5
Уганданың шығысында жер қабаты жылысуының құрбандары 80 адамға жетті
АСТАНА. Наурыздың 3-і. Қазақпарат - Кеше Уганданынң шығысында күшті нөсердің салдарынан жер қабатының жылысуынан құрбан болғандардың саны 80 адамға жетті, 400-ден астам хабар-ошарсыз кеткен,
деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
«Біз қаза тапқан 80 адамның денесін таптық. 400-ден астам адам ұшты-күйлі жоғалып отыр», - деді Уганда Қызыл Крест ұйымының ресми өкілі Катерина Нтабадде. Бұған дейін 70 адам мерт болып, 250 адамның хабар-ошарсыз кеткені хабарланған болатын.
Үздіксіз нөсер жауынның салдарынан түнде елдің астанасы - Кампала қаласынан шығысқа қарай 275 шақырым жерде, Будуда таулы ауданында жер қабаты ығысуы орын алды.
Ганда қорғаныс министрі Тарсис Кабвегьераның айтуынша, өкімет орындары жер қабаты ығысуы қайталануы мүмкін деп қауіптенуде.