00:52, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
Уго Чавес Венесуэланы ғарыштан бақылауда
АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Уго Чавес Венесуэланың жерсерігінен түсірілген суреттерін зерттеуде.

Бұл туралы өзінің Twitter-інде осы елдің ғылым министрі Хорхе Арреас жазды. Шенеуніктің ақпаратынша, Венесуэла президенті Баринас және Гуарико штаттарындағы бірнеше жер учаскесінде инспекция өткізуді тапсырды. Бұл туралы Радио "Маяк" хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Уго Чавес кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетті. Желтоқсан айының басында ол тағы бір хирургиялық ота жасату үшін Кубаға ұшпақ болғанын жариялаған еді.
9 желтоқсанда Гаванаға ұшқаннан кейін Боливариандық төңкерістің көшбасшысы көпшілік алдына бірде бір рет шыққан жоқ.