Уинстон Черчилльдің ең кіші қызы дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Ұлыбританияның премьер-министрі Уинстон Черчилльдің соңғы қызы - леди Мэри Сомс 91 жасында дүниеден өтті, деп хабарлады РБК.
None
None

Ол 31 мамырда көп ауырмай көз жұмған.

Тумысында Мэри Спенсер-Черчилль Ұлыбритания премьері мен оның әйелі Клементинаның бес баласының ең кішісі болатын. Соғыс кезінде ол аумақтық көмекші қызметтерде Лондонда, Бельгияда және Германияда зенит батареяларын жинақтаумен айналысты.

Премьердің қызы әкесінің бірнеше маңызды сапарларына, соның ішінде 1945 жылғы Черчилль, КСРО басшысы Иосиф Сталин және АҚШ президенті Гарри Трумэн қатысқан және соғыстан кейінгі Германия мен Еуропаның болашағы талқыланған Потсдам конференциясы сапарына еріп жүрді.

Мэри Сомс өмір бойы өзінің әкесі мүше болған консервативтік партиямен байланысын үзген жоқ. Оның марқұм күйеуі Кристофер Сомс көрнекті консервативтік саясаткер болып, Энтони Иденнің, Гарольд Макмилланның, Алек Дуглас-Хьюмнің және Маргарет Тэтчердің премьер болып тұрған тұстарында министр қызметінде болды. Ол сондай-ақ Ұлыбританияның Франциядағы елшісі, қазіргі Зимбабве тәуелсіздік алғанға дейін бұрынғы Оңтүстік Родезияның соңғы губернаторы болып қызмет атқарды.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэаид Кэмерон леди Сомстің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар