Үкімет 2007-2009 жылдары үлестік құрылысты қолдау үшін республикалық бюджеттен 205,9 млрд. теңге бөлді - С. Нокин

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Агенттік төрағасының айтуынша, мемлекет тарапынан бөлінген осы қаражат еліміздегі 36 мыңға тарта үлескердің құқығын қорғауға септігін тигізген. Ал алдағы 2010-2011 жылдарға арналған жоспар бойынша үлестік тұрғын үй құрылысының қалған 132 нысанының жұмысы толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
«Агенттіктің алдында тұрған құрылыс саласын одан әрі дамыту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыра мақсатында құрылыстағы техникалық реттеуді одан әрі реформалауға дайындық жұмыстары қолға алынып отыр. Өйткені, қазіргі таңда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қолданылып жүрген нормативтік-техникалық база Қазақстанды дүниежүзілік сауда-экономикалық қоғамдастыққа біріктіруіне айтарлықтай кедергі болып келеді», деді С. Нокин.