13:09, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Үкімет 2009 жылдың бюджетіне өзгертулерді қабылдамақ
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Наурыздың 18-і күні Үкімет Парламент Мәжілісіне 2009 жылдың бюджетіне өзгертулердің жобасын ұсынады.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Наурыздың 18-інде Парламент қарауына енгізу үшін, наурыздың 17-індегі Үкімет отырысында 2009 жылдың бюджеті бойынша өзгертулер қабылданады», - деді К. Мәсімов.