Үкімет 2009 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша бюджетті қайта қарастыруы мүмкін-Премьер

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Үкімет 2009 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша бюджетті қайта қарастыруы мүмкін. Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, экономикадағы жалпы үдерістерді ескере отырып, біз бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері бойынша мүмкіндіктерімізді тағы бір мәрте қарастыру үшін Парламентке ұсыныспен келуіміз мүмкін», деді алқада К. Мәсімов. Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылық мәселесіне тоқталған Үкімет басшысы: «Жалпы әлемдік экономиканың даму қарқыны тежелгеніне және еліміздің экспорттық тауарларынан түсетін түсімдердің азайғанына байланысты бюджеттің кіріс бөлігі біршама бәсеңдей бастады. Алайда, 2009 жылы әлеуметтік шығындардың бір тиынына да қол сұғылмайды. Бұл ? Мемлекет басшысының тапсырмасы. Қалғанының барлығы біздің мүмкіндіктерімізге байланысты саралануы тиіс», деді. Премьер-Министр 2009 жылы халықты жұмыспен қамту және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету басты міндет екенін тағы бір мәрте қадап айтты.
Соңғы жаңалықтар